
Халықаралық конференция



2025 жылдың 23 қазанында Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі “Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі:тарих,қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция жұмысына ҚР ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек төрағалық етті.Ғылыми форумға БҰҰ өкілі,ҚР Парламентінің депуттаттары, қоғам қайраткерлері,ғалымдар қатысты. Конференция жұмысына кафедраның докторанттары Отыншиева Г.Қ.,Пұсырманов Ә.С.,магистранттары: Сұңғатов С.,Генрих М.,Нечаева Ю. қатысып ғылыми баяндамаларын жасады. Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры,заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимов білім алушылардың ғылыми еңбектеріне жетекшілік жасап,республика егемендігіне қатысты баяндамасын ұсынды.Баяндамалар барысында құқықтық сананың деңгейі,егеменділіктің маңызы,адам құқықтарын қорғау,цифрлы құқықтың болашағы туралы ойлар қозғалды.
