
Австриялық жазушы Андреас Унтервегерменен кездесу

ЕҰУ-дың Неміс тілі мен мәдениеті орталығында неміс тілін оқитын студенттердің әдебиет саласындағы бірнеше беделді еуропалық сыйлықтардың лауреаты, жазушы және Австрия ақыны Андреас Унтервегер мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу Австрия Елшілігінің белсенді қолдауымен және елшілік консулы Фриц Покорны мырзаның қатысуымен өтті.
Андреас Универвегер Еуропада заманауи жазушы, ақын, Manuskripte әдеби журналының бас редакторы ретінде танымал. Ол Грац қ. дүниеге келді, германистиканы, француз тілін оқыды. 2009 жылы Wie im siebenten беллетристикалық романымен сәтті дебют жасады. Содан кейін 2011 жылы оның новелласы Du bist mein Meer шықты, ол үшін Унтервегер Альфа әдеби сыйлығымен марапатталды. 2015 жылы Das gelbe Buch жарық көрді, ол сонымен қатар Штайермарк жер сыйлығымен марапатталды. 2020 жылы Унтервегер In Zeilen wie diesen поэмасын жариялады. Алты прозалық романнан кейін 2025 жылы Droschl әдеби баспасында "Haus ohne Türen" өлеңдер жинағы жарық көрді. Сыншылар ол туралы былай деп жазды: "Андреас Унитервегердің өлеңдері естеліктердің азабын – махаббат, жоғалту және тарих туралы лириканы – меланхолиямен, ирониямен және жүрекке тікелей соғатын күшті суреттермен жарықтандырады".
Студенттер автордың өзі оқыған прозалық шығармалардан үзінділерді, сондай-ақ оның бірнеше өлеңдерін мұқият тыңдады. Неміс тілінде австриялық екпін белгілі болғанымен жазушы өте түсінікті тілде сөйледі, студенттер көптеген сұрақтар қойды, олар қонақтың жауаптарын өлеңдермен және мәтіндерден үзінділермен суреттегенін қуана қабыл алды.
Кездесу соңында студенттер қонақтарға қазақ күйін домбырамен орындады, бұл шетелдіктер үшін жағымды тосын сый және іс-шараның жақсы, достық аяқталуы болды.
