
III Еуразиялық халықаралық құқық конгресі мен XII халықаралық ғылыми-практикалық мектеп аясында профессор Стефан Зиглердің дәрісі мен деректі фильмдер көрсетілімі өтті
2025 жылғы 23 қазанда III Еуразиялық халықаралық құқық конгресі мен «Халықаралық құқықтың теориясы, тәжірибесі және оқытудың өзекті мәселелері» атты XII халықаралық ғылыми-практикалық мектеп аясында Швейцарияның халықаралық құқық профессоры, заң ғылымдарының докторы және деректі фильм продюсері Стефан Зиглер (Stefan Ziegler) қонақ дәріс оқыды. Дәріс тақырыбы — «Палестина қақтығысын бейбіт жолмен реттеу».
Профессор Зиглер өз баяндамасында Палестина мәселесінің құқықтық және гуманитарлық аспектілерін, БҰҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың бейбітшілік орнатудағы рөлін және Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікке жетудің ықтимал жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар, ол өзі түсірген деректі фильмдерін көрсетті. Бұл фильмдерде палестиналық-израильдік қақтығыс аймақтарындағы өмір мен Израиль тұрғызған бөлу қабырғасының салдары бейнеленген.
Фильмдер көрермендерге терең әсер қалдырып, дәрістің мазмұнын гуманитарлық қырынан толықтырды және Конгресс пен Мектептің ең әсерлі іс-шараларының біріне айналды.
