
ЕҰУ – шабыт орталығында: университет К. Сәтбаев атындағы Binom School мектебіндегі “BUILD YOUR FUTURE” білім көрмесіне қатысты

Білімге деген құштарлық, жаңашылдық пен ізденіс рухы К. Сәтбаев атындағы Binom School мектебін баурап алды. Мұнда елордамыздың жетекші жоғары оқу орындары, оқушылар мен ұстаздар бас қосқан білім көрмесі өтті. Қатысушылардың қатарында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де бар.
Оқушылар университеттің факультеттерімен танысып, қос дипломды бағдарламалар, академиялық ұтқырлық және қабылдау балдары жөнінде қызығушылықпен сұрақтар қойды.
ЕҰУ-дың көрме стенді іс-шараның жарқын бөлігіне айналып, 8 білім беру бағыты бойынша оқушылардың ерекше назарын аудартты. К. Сәтбаев атындағы Binom School тағы бір рет білімнің - дәстүр мен инновация, жеке мақсаттар мен үлкен арман түйіскен тірі үдеріс екенін дәлелдеді.
Еуразия ұлттық университеті елорда мектептерімен тығыз байланысын жалғастырып, жас ұрпақты саналы мамандық таңдау мен болашаққа сенімді қадам жасауға шабыттандыруда.
