
Докторанттардың кәсіби педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция



2025 жылғы 7 қарашада Білім беру жоғары мектебі институтының педагогика кафедрасында докторанттардың кәсіби педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Педагогикалық практика 2025 жылғы 1 қыркүйектен 8 қарашаға дейін, яғни 10 апта бойы жүргізілді.
Кәсіби педагогикалық практиканың негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарындағы педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметтің негіздерін меңгеру, сондай-ақ оқыту бағытына сәйкес пәндер бойынша оқу сабақтарының түрлі түрлерін жүргізу дағдыларын қалыптастыру болды.
8D01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттары атқарылған жұмыс туралы есептік құжаттар топтамасы бойынша есеп берді. Практика барысында докторанттар жоғары кәсіби дайындықтарын, зерттеу белсенділіктерін және педагогикалық міндеттерді орындаудағы жауапкершіліктерін көрсетті.
Практика шеңберінде ерекше назар заманауи білім беру экожүйесі SMART.ENU жүйесін меңгеруге аударылды.
SMART ЕNU – бұл цифрлық технологиялар, ғылыми зерттеулер және педагогикалық инновациялар тоғысқан «ақылды университет» моделi. Бұл жүйені пайдалану болашақ оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру үдерісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қорытынды конференция докторанттардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезеңнің нәтижесін көрсетті және олардың заманауи цифрлық университет жағдайында ғылыми-педагогикалық және оқытушылық қызметке дайын екендігін дәлелдеді.
