
ЕҰУ студенті джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
14.11.2025 49





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жоғары колледжі 2-курс студенті Айдын Мақұлбеков халықаралық аренада үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол Дубай қаласында өткен Abu Dhabi Jiu-Jitsu Pro World Championship 2025 әлем чемпионатында 1-орын иеленіп, Әлем чемпионы атанды.
Әлемдік деңгейдегі бұл жарыс жоғары дайындықты, шеберлікті және үлкен психологиялық төзімділікті талап ететін беделді дода ретінде белгілі. Бұл жетістік – спортшының табанды еңбегі, ерік-жігері және жаттықтырушыларының кәсіби қолдауының нәтижесі.
Айдын Мақұлбековты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бөлісу:
