
ЕҰУ қызметкері «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
14.11.2025 93
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың талдау және жоспарлау басқармасының басшысы Әлия Илимбаева «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Университет қызметкеріне бұл марапат қазақ тілінің мәртебесін арттырудағы шығармашылық белсенділігі, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Бұл марапат Әлия Илимбаеваның жауапты еңбегіне, университеттегі көп жылдық қызметіне, сондай-ақ гуманитарлық құндылықтарды сақтау мен нығайту мәселелеріне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі деп білеміз.
Бөлісу:
