
ЕҰУ-да Ұлттық валюта күні мен қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті
Университет басшылығы қаржы саласы қызметкерлерін құттықтап, олардың университеттің тұрақты дамуына қосқан үлесі, уақтылы жоспарлау мен қаржылық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді.
Шара барысында қаржы саласының үздік қызметкерлері марапатқа ие болды.Солардың бірі Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың талдау және жоспарлау басқармасының басшысы Әлия Ілімбаева. Ол «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат университет қызметкеріне қазақ тілінің мәртебесін арттырудағы шығармашылық белсенділігі, гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Мерекелік кездесу университеттің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген жандарға деген ризашылық пен құрметке толы жылы атмосферада өтті.
Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлердің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
