
Ашық есік күні



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультеті Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 15-қарашасында Ашық есік күнін ұйымдастырды. Ашық есік күні шарасына Астана қаласының бірнеше мектептері, атап айтатын болсақ, №4 мектеп-гимназиясы, №49 мектеп-гимназиясы, №50 мектеп-лицейі, №61 мектеп-лицейі, №87 мектеп-гимназиясы, №101 жайлы мектебінің 11-сынып оқушылары өздерінің кәсіби бағдар берушісімен келіп қатысты. Алдымен Бас ғимараттың Күлтегін атриумында ашылу салтанаты өткізіліп, одан әрі Жазу тарихы музейі мен Гумилев музейіне экскурсия жасалынды.

Одан соң оқушылар Тарих факультетімен тығыз танысу мүмкіндігіне ие болды. Тарих факультет деканы, т.ғ.к., доцент Ө.Ж. Бекмағанбетов факультеттің тыныс-тіршілігі, жетістіктері туралы ақпарат берді. Артынан Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қ.О. Сейтқазина мен Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі м.а. А.С. Сәрсембекова сөз алып қос кафедраның атқарып жатқан жұмыстары, мамандықтар туралы мәліметтер беріп, тарих және археология-этнология мамандықтарының артықшылықтары туралы құнды мағлұматпен қанықтырды. Соңынан факультетке экскурсия жасалып, Ақышев ғылыми зерттеу институтымен М.Ғ. Хабдуллина таныстырды. Іс-шара соңында мектептердің кәсіби бағдар беруші мамандары сөз алып, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын айта отырып, зор ризашылықтарын білдірді.
