
Халық шығармашылығы және ұлттық бірегейлікті қалыптастыру: Қазақстан-Өзбекстан тәжірибесі

2025 жылғы 2–9 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.О.Артықбаев және Саясаттану кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Т.С. Каленова мен Г.С. Абдрахманова Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетіне ресми сапар жасады.
Іссапар BR28713029 «Қазіргі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы халық шығармашылығының әлеуметтік рөлін зерттеу: рухани мәдениетті өзгерту және қайта құру» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Зерттеушілер Ә.Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің Саясаттану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен ғылыми семинар өткізді. Кездесу барысында саясаттанушы, PhD докторы, Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Абдуразакова К.Ю. Қазақстан-Өзбекстан қатынастары мен ынтымақтастығына арналған монографиясын таныстырды.
Аталған іссапар екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және ұлттық рухани мұраны зерттеу саласындағы өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтуға бағытталды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттары айқындалды және алдағы уақытта бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру жоспарлануда.
Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің 3, 4 курс студенттеріне дәрістер оқылды.
Ғылыми жоба аясында Өзбекстанның Алишер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасында әдебиеттер мен ғылыми еңбектерді зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейлікті сақтау — елдің рухани қауіпсіздігі мен мәдени тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі тетігі болып табылады. Бұл бағытта халық шығармашылығы — ұлттың тарихи жады мен мәдени кодының көрінісі ретінде ерекше маңызға ие.
Осы зерттеу барысында «Дархан», «Назарбек» және «Рамадан» ауылдарының тұрғындары мен ақсақалдарымен жүргізілген сұхбаттар нәтижесінде халық шығармашылығының қазіргі өмірдегі рөлі мен мәні айқындалды. Зерттеу көрсеткендей, халық шығармашылығы ауыл тұрғындары үшін тек мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар қоғамдық бірлікті нығайтушы әлеуметтік құрал ретінде де қызмет атқарады.
Ұжымдық іс-шаралар — Наурыз мерекесі адамдар арасындағы рухани байланыстарды күшейтіп, қоғамдағы ынтымақ пен өзара құрметті арттырады.
Іссапардың мақсатының бірі — Өзбекстандағы Ислам өркениеті орталығының ғылыми, мәдени және ағартушылық қызметімен танысу, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылау. Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы — елдегі ең ірі мәдени, ғылыми және ағартушылық кешендердің бірі.
Ғылыми-зерттеу сапары барысында Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығының әкімшілік хатшысы Джабборов Рустамжон Мадиевичпен кездесу өткізілді, ғылыми ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.
Зерттеу жұмыстарының жиналған деректер ғылыми жоба тақырыбына сәйкес маңызды әрі тың мәліметтер алынды. Мәліметтер халықтың мәдениет саласының жағдайын, халық шығармашылығының қызметін зерттеуге мүмкіндік береді.
