
Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің ғалымдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде







2025 жылдың 12 қарашасында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының нығаюы кезінде Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің (ҚҰЗТУ) ғалымдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне келді. ҚҰЗТУ әлемнің жетекші университеттерінің Times Higher Education World University рейтингіне (103 университеттің ішінде), QS World University Rankings 2023 рейтингіне (47 университеттің ішінде) және Round University Ranking рейтингіне (131 университеттің ішінде 67-ші орын) енген. ҚҰЗТУ делегациясын техникалық ғылымдар докторы, экономика ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясының білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚҰЗТУ “Логистика және басқару” кафедрасының меңгерушісі профессор Шинкевич Алексей Иванович басқарып келді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетінің “Экономика және кәсіпкерлік” кафедрасында «Тұрақты даму және ең жақсы қолжетімді технологиялар» тақырыбында кеңейтілген дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны модераторлар “Экономика және кәсіпкерлік” кафедрасының меңгерушісі Исаева Бибигуль және профессор Шалболова Үрпаш жүргізді. Дөңгелек үстелде Қазақстан экономикасында кластерлік тәсілді қолдану және Қазақстан мен Татарстанда мұнай-химия және машина құрылысы кешендерін дамыту мәселелері талқыланды. Алексей Шинкевич өнеркәсіптік кешендегі ресурстар мен энергияны үнемдеу және инновациялық даму бағдарламалары аясындағы стратегиялық ынтымақтастықтың бағыттарын егжей-тегжейлі сипаттады. Профессор Кудрявцева Светлана Экономика және кәсіпкерлік кафедрасының докторанттарымен Еуразиядағы халықаралық көлік дәліздерін дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Профессор Малышева Татьяна биоэкономика және «жасыл» экономика жобалары туралы айтты. Профессор Шинкевич Марина қазіргі заманғы экономиканың ең қызықты салаларының бірі - физикалық интернетті және жасанды интеллект этикасы мәселесін көтерді.
Талқылау соңында “Экономика және кәсіпкерлік” кафедрасының профессоры Шалболова Үрпаш Татарстан мен Қазақстандағы тұрақты даму үрдістерін қорытындылады. Талқылау барысында университет ғалымдары мен докторанттары «жасыл» энергия, ең жақсы қолжетімді технологиялар және жасанды интеллект бойынша одан әрі ынтымақтастық үшін ортақ бағыттарды әзірледі.
