
ЕҰУ-да білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне арналған курс ашылды






2025 жылғы 15 қарашада Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінде университет тарихында алғашқы рет білім беру бағдарламаларының (әрі қарай – БББ) жетекшілері мен әзірлеушілеріне арналған интенсив курс басталды: «ЖББДҰО ҚР талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын жобалауда өсу ойлауы және университеттің нарықтағы және халықаралық серіктестіктегі позициясын күшейту». Бұл курс 20 желтоқсанға дейін онлайн және офлайн форматта өткізіледі.
Курсты стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Думан Айтмағамбетов, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Байжұман Қашқынбай, курстың ұйымдастырушысы және жетекші тренері, Global Nomad Education негізін қалаушы Алмагүл Қанағатова ашты.
Курстың тең ұйымдастырушысы: Құзыреттілік және Білім беру бағдарламаларының басқару бөлімі.
Курс ҚР ЖБББТ тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізудің нормативтік талаптары мен практикалық механизмдерін оқыту, бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеудің үздік ұлттық және халықаралық тәжірибелерін талдау, ББ паспорттарын, құзыреттілік матрицаларын және аннотацияларды әзірлеу, таңдалған бағдарламаларды қайта жобалау бойынша жобалық спринт өткізу және қорытынды өнімдерді қорғау, сондай-ақ әзірленген бағдарламаларды сәтті енгізу үшін қатысушыларға курстан кейінгі сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ-дің білім сапасын жүйелі түрде арттырудағы және ұлттық, халықаралық деңгейде көшбасшылық позициясын нығайтудағы маңызды қадам болып саналады.
