
ЕҰУ студенттері «Жастар жалыны – 2025» фестивалінің жүлдегері атанды



Астанада ең белсенді, талантты және мақсатшыл жастардың басын қосқан «Жастар Жалыны – 2025» шығармашылық-спорттық фестивалі өз мәресіне жетті.
Еуразия ұлттық университетінің студенттері жүлдегер атанып, «Ұлттық аспаптар» және «Үстел теннисі» номинациялары бойынша екінші орын иеленді.
«Ұлттық аспаптар» номинациясында 8 астаналық ЖОО-ны басып озып, университеттің «Дала сазы» оркестрі ерекшеленді. Ал «Үстел теннисі» бойынша 4 студенттен құралған университеттің спорттық командасы 14 астаналық жоғары оқу орнынан озып шықты.
Жыл сайын өтетін бұл жарыс биыл 15–16 қараша күндері Астанада 10 бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – өнерді, спортты және шығармашылықты біріктіріп, жастарға өз қабілетін танытуға мүмкіндік беру.
