
ЕҰУ-да педагогтердің білімін бағалау (ПББ) мәселесі талқыланды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
18.11.2025 258

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде педагогтердің білімін бағалау (ПББ) бойынша кафедра меңгерушілерімен жиналыс өтті.
Жиналысты Карьера және бизнес – әріптестігі бөлімінің басшысы Г. Смагұлова жүргізді. Күн тәртібінде:
- педагогтердің білімін түлектер тарапынан бағалау нәтижелері;
- 2025-2026 жылғы бітіруші түлектерге ПББ бойынша қосымша сабақтар жүргізу және кестесін жасау;
- кафедра мәжілістерінде тест тапсырмаларының мазмұнын қарастыру;
- білім алушылар арасында ПББ-ның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кездесулер кестесін бекіту;
- базалық бейіндік пәндер бойынша тестілеуге арналған мәліметтер қорын құру;
- сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) сайтында соңғы курс білім алушылары үшін сынақ тестілеуін өткізу мәселелері қаралды.
Жиналыс барысында педагогтердің білімін бағалау жүйесін жетілдіру, студенттердің ПББ тестілеуіне сапалы дайындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кафедралар арасындағы үйлестіру жұмыстарын нығайту бағытында нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға ПББ бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесін әзірлеу тапсырылды.
Бөлісу:
