
«Мұражай экспозициясының өнері басқа өнер түрлері аясында» тақырыбында ашық дәріс және практикалық сабақ

2025 жылғы 29 қазанда «8D02208 – Археология және этнология» білім беру бағдарламасының академиялық күнтізбесіне сәйкес 2-курс докторанты Дукомбайев Азамат Талғатұлы педагогикалық практика аясында 4-курс АЭ-42 тобы студенттері үшін «Мұражай экспозициясының өнері басқа өнер түрлері аясында» тақырыбында «Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» пәні бойынша ашық дәрістік және практикалық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа педагогикалық практиканың жетекшісі Ибадуллаева Злиха Өмірбекқызы, «Археология және этнология» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы – доцент Хабдулина Марал Қалымжанқызы, аға оқытушылар Кошман Татьяна Васильевна және Искаков Қуаныш Алдабергенұлы қатысты.

Дәріс барысында көркем-музейлік экспозициялардың түрлері, өнер мен музейлік экспозиция: толықтыру және ерекшеліктері, музейлік экспозиция өнері мен көркем әдебиет, музейлік экспозиция өнері мен театр, музейлік экспозиция өнері мен архитектура мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мысалында қарастырылды.

Сабақтың мақсаты – музей экспозициясын дербес көркем баяндау формасы ретінде қарастыра отырып, экспозициялық өнердің архитектурамен, дизайнмен, сценографиямен, бейнелеу өнерімен және заманауи мультимедиялық тәжірибелермен өзара байланысын ашу, сондай-ақ білім алушылардың түсінігін кеңейту.
Практикалық сабақ барысында ақпараттық-рецептивтік әдіс қолданылды, ол сабақтың кіріспе және ұйымдастырушылық кезеңі ретінде қызмет етті. Докторант білім алушыларға музей экспозициясын құру принциптері, көрме кеңістігінің көркемдік тілі ерекшеліктері және экспозицияның архитектура, дизайн, сценография және көркем практикалармен өзара байланысы туралы жүйеленген ақпарат ұсынды.
4 курс студенттеріне экспозициялық залдарды жоспарлау сызбалары, музей тәжірибесінен алынған визуалды шешімдер үлгілері, стендтер, витриналар, навигация және жарықтандыруды рәсімдеу үлгілері, композиция мен көрермен маршрутизациясы нұсқалары көрсетілді.
Теориялық бөлімнен кейін студенттер практикалық тапсырманы орындауға кірісті – өз экспозиция фрагменттерін келесі тақырыптар бойынша әзірлеу: 1) Кинолекция залының жұмысы, 2) Мектеп экскурсияларын дайындау, 3) Жылжымалы көрмелер.
Алынған ақпарат жобалық шешімдер қабылдауда, экспонаттарды таңдауда, композиция мен графикалық рәсімдеуде тірек болды. Осылайша, ақпараттық-рецептивтік әдіс білім алушыларды табысты практикалық іс-әрекетке дайындап, теорияны кәсіби міндеттегі тікелей қолданумен байланыстырды.
