
Индира Рыстина ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі болып тағайындалды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
21.11.2025 481

Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесі шешімімен Рыстина Индира Садыбекқызы ЕҰУ-дың сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі болып сайланды.
Индира Рыстина — ENU түлегі, саясаттану ғылымдарының PhD докторы, қауымдастырылған профессор.
Ол Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығында және Ішкі саясат бөлімінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Индира Садыбекқызын жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Бөлісу:
