
Кәсіби бағдар беру жұмысы

2025 жылдың 25 қарашасында Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ж.И. Ибрагимов Астана қаласының 97,85 мектептерінің бітіруші түлектерімен кездесіп кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кәсіби бағдар берудің мақсаты – болашақта түлектерге мамандық таңдауда бағыт беру. Кездесу барысында Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті туралы видеролик көрсетілді. Заң факультеті туралы кеңінен ақпарат берілді. Заңгер мамандығының ерекшеліктері, оқуға түсудегі пәндерге дайындық барысы, заң факультетінің оқу үрдісі, сабақ берудегі озық тәсілдер, оқу процесі кезіндегі тәжірибеден өту, оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу туралы қызықты ақпараттар берілді.
Кездесу барысында Ж.И.Ибрагимов «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы» тақырыбында баяндама оқып, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлін, құқықтық сананың қалыптасу факторларын және олардың өзара байланысын білім алушыларға түсіндірді.
