
Cleantech GCIP-Kazakhstan 2025 ұлттық форумы өтті

Астанада GCIP-Kazakhstan 2025 Ұлттық Cleantech Форумы - ШОБ-тағы таза технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды ілгерілетудің жаһандық бағдарламасының (GCIP) үш жылдық циклінің қорытынды оқиғасы өтті. Форум аясында стартаптарды қаржыландыру мен комерцияландыруға бағытталған Investor Connect сессиясы өтті. Қорытындысында Tapqan Tech пен BIRCH компаниялары, SUNNY HOUSE және BIRCH және Орталық пен «Самұрық-Қазына Инвест» арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойылды. Бұл Қазақстандағы жасыл технологиялар нарығына инвестиция тартуды күшейтпек. GCIP-Kazakhstan стартаптары су ресурстарын бақылау, қалдықтарды қайта өңдеу, сарқынды суларды тазарту, көміртек жобаларын цифрландыру (MRV), орманды автономды қалпына келтіру, қалалық ауа сапасын жақсарту сияқты өзекті экологиялық шешімдер әзірлеп келеді. Форумға Менеджмент кафедрасының профессор оқытушылары К.К. Байгабулова К.К. , М.Ж.Нуркенова, А.Б.Тулаганов қатысты.
