
ЕҰУ омбудсмені MNU базасында студенттік омбудсмендер мектебін өткізді


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің омбудсмені Нэля Шапекова М. Нарикбаев Университеті (MNU) базасында елорда ЖОО-ларының студенттік омбудсмендерінің қатысуымен Студенттік омбудсмендер мектебінің кезекті отырысын өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар төрт командаға бөлініп, «Академиялық ортадағы әділеттілік және диалог: шешімдерді үнемі іздеу» тақырыбындағы кейс-чемпионатқа қатысты. Әр команда ұсынылған жағдаяттық тапсырмалар бойынша өз шешімдерін таныстырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - білім беру процесіне қатысушылардың азаматтық-құқықтық мәдениетін арттыруға, университеттік ортадағы демократиялық мінез-құлық пен өзара әрекеттесу нормаларын қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік шараларды әзірлеу еді. Сондай-ақ ЖОО-ларда студенттік омбудсмен институтын дамыту мен нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
