
ЕҰУ студенттері армрестлинг пен гір көтеруден өткен қалалық жарыста ІІ орын алды





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы студенттер арасында ұйымдастырылған қалалық жарыста армрестлинг және гір көтеру спорт түрлері бойынша жалпы командалық есепте ІІ орынды жеңіп алды. Жарысқа университет студенттері Тамерлан Баубеков, Илья Палевич, Валерий Черепанов, Еркебұлан Ахмет, Мадьяр Амангелді және Нұрлыбай Жакетаев қатысты. Команданы дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Талғат Байзахов дайындады.
«Заң және тәртіп» акциясы аясында өткізілген турнирде елорданың жетекші жоғары оқу орындарынан 120-дан астам қатысушы бас қосты. Бұл жарыс жастардың спортқа, әсіресе күштік спорт түрлеріне деген жоғары қызығушылығының айқын көрінісі болды.
Жарыстың негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу.
