
Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге арналған өңірлік олимпиада өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
11.12.2025 145








Аталмыш шараға Павлодар, Көкшетау қалалары, Степногорск, Қосшы, Қоянды, Астана қаласы мектептерінен 202 оқушы қатысты.
Олимпиаданың ашылу салтанатына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай, кәсіби бағдар беру бөлімінің бастығы-қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ляззат Егеубаева қатысты.
Сайыс қорытындысында оқушылар І, ІІ,ІІІ Дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, олимпиада барысында мектептердегі тарих пәнінің мұғалімдерімен өткен әдістемелік семинар жұмысында тарих пәнін оқыту мәселелері талқыланды.
Бөлісу:
