
Ашық сабақ

Желтоқсан айының бірінші жұлдызында «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джанахметов У.К. екінші курс М035-2121-24-01 тобының магистранттарына «Жобалық құжаттарды дайындау және қорғау» пәні бойынша «Жобалық құжаттаманы қорғау: талаптар мен тәжрибе» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа магистранттармен қоса кафедра оқытушылары да қатысты
Ашық сабақ барысында профессор Джанахметов У.К. жобалық құжаттаманы әзірлеудің негізгі кезеңдеріне тоқталып, құжаттарды рәсімдеу стандарттары, құрылымы және мазмұндық талаптары жөнінде жан-жақты түсініктеме берді. Сонымен қатар, магистранттарға жобаны тиімді қорғаудың әдістері, көпшілік алдында баяндама жасудың ерекшеліктері мен жобалық шешімдерді дәлелдеу тәсілдері түсіндірілді.
Сабақ барысында тыңдаушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындалып, магистранттар өздерінің әзірлеп жатқан жобалары бойынша қысқаша презентациялар жасап, профессор тарапынан кері байланыс алды. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді.

