
ЕҰУ-де Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығына арналған әдеби-мәдени кеш өтті













Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті қырғыз жазушысы, ойшылы және қоғам қайраткері Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың туғанына 97 жыл толуына арналған «Айтматов әлемі» атты мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Бұл кеш қырғыз және қазақ халықтарын тоғыстырған мәдени диалогтың жарқын үлгісіне айналып, студент жастардың рухани өміріндегі маңызды оқиға болды.
Аталған іс-шараға оқытушылар, студенттер, дипломатиялық корпус өкілдері, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Кештің алғашқы сәттерінен-ақ жоғары эмоциялық-философиялық бағыт айқын байқалды: жүргізушілер Айтматов шығармашылығының тек әдеби мұра ғана емес, сонымен қатар адамгершілік бағдар, ізгілік, жады мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік философиясы екендігін атап өтті.
Іс-шараны ресми түрде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы ашып, өз сөзінде Шыңғыс Айтматовтың жастардың гуманитарлық санасын қалыптастырудағы және мәдениетаралық байланысты нығайтудағы айрықша рөліне тоқталды.
Кештің маңыздылығын Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы консулы, Қырғыз Республикасы Президентінің уәкілетті өкілі Ернист Абдирашитов өз сөзінде Шыңғыс Айтматов шығармашылығының әлемдік деңгейдегі маңызын, халықтар арасындағы рухани жақындасуға және жаһандану жағдайында адамзаттық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Қазақ технология және бизнес университетінің профессоры, тарихшы Назарбек Сатар уулу, сондай-ақ Назарбаев Университетінің профессоры Дүйшонкул Шаматов Айтматовты ХХ ғасырдың ұлы ойшылы әрі әлемдік мәдениет феномені ретінде танытты.
Кештің көркемдік шарықтауына ақын, жазушы, кинорежиссёр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Достук» ордендерінің иегері, Қазақстандағы жалғыз қазақ манасшысы Баянғали Әлімжановтың әсерлі сөзі айрықша көрік берді. Оның ой-толғамдары эпикалық дәстүр мен заманауи көркем ойдың арасындағы рухани көпірге айналды.
Көрермендерге «Қызыл жоолук Жалжалым» повесі бойынша сахналық қойылым ұсынылып және студенттердің орындауындағы Шыңғыс Айтматовтың сөзіне жазылған «Ыстықкөлді сағынуу» әні мен халық әні «Булбулум» кештің эмоциялық қуатын арттырды.
ЕҰУ магистранты Әлібек Тұрғынбаев Айтматов мұрасының жастар жүрегінде өмір сүріп, парыз, жады, Отанға сүйіспеншілік пен адамзат тағдыры алдындағы жауапкершілік туралы терең ойларға жетелейтінін атап өтті.
Айта кетейік, іс-шара ЕҰУ жанындағы Ош мемлекеттік университетінің Қырғыз мәдени орталығымен бірлесіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Кадиша Нұрғали жетекшілік ететін орыс филологиясы кафедрасы тарапынан ұйымдастырылды. Бағдарламаны ұйымдастыруға Қырғыз мәдени орталығының директоры Айсулу Тотобаева мен орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Кенжегулова жауапты болды.
