
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша сұқбат

2025 жылдың 18 желтоқсанында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 4-тармағына сәйкес мақұлдады. Осы орайда конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры,заң ғылымдарының докторы Ж.И.Ибрагимов Хабар 24 телеарнасында тікелей эфирде сұқбат берді.Ол сұқбат барысында мыналарды атап өтті: Заңның негізгі мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою жолымен құқықтық тәртіпті сақтау және нығайту болып табылады.
Заңның міндеттері:
- адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
- құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
- құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға мойынсынатын
мінез-құлықты қалыптастыру;
- жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың белсенді қатысуын арттыру;
- құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және басқалар болып табылады. Заңнан күтілетін нәтижелер: профилактиканың ерте алдын алуға бағытталған жаңа жүйесін құруға, азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін арттыруға, заңға мойынсынатын мінез-құлық және зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға, қоғамның құқықтық тәртіп институттарына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
