
Үшінші Қазақстан-Жапон-Қытай геотехникалық воркшоп (XHE3W) 2026 жылдың 15-17 шілдесі аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультеті мен Геотехникалық институтында өтеді

Қазақстандағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жапониядағы Хачинохе технологиялық институты және Қытайдағы Синьцзян университеті (XJU) арасындағы ынтымақтастық аясында үшінші Қазақстан-Жапон-Қытай геотехникалық воркшоп (XHE3W) 2026 жылдың 15-17 шілдесі аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультеті мен Геотехникалық институтында өтеді.
Ғылыми семинардың негізгі мақсаты - бірлескен зерттеулерді дамытуға және озық ғылыми нәтижелерді енгізуге бағытталған халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми алмасу үшін жағдай жасау.
Айта кету керек, келісім аясында бірінші ғылыми геотехникалық семинар Синьцзян университетінде (XHEW, 2024), ал екіншісі Хачинохе технологиялық институтында (XHE2W, 2025) өтті.
Барлық рецензиялау және қарастыру кезеңдерінен сәтті өткен XHE3W ғылыми семинар материалдары Technobius «Геотехникалық инженерия және материалдар» атты рецензияланатын ғылыми журналының арнайы санында жарияланады.
Technobius (https://technobius.kz/index.php/tech/index) – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету комитеті, Crossref, Google Scholar, e-Library және CyberLeninka индекстейтін, сарапшылар қарастыратын ашық қолжетімді электрондық журнал (ISSN 2789-7338, 2021 жылдың 18 қазанында тіркелген).
Аннотацияны тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 28 ақпан
Толық мәтінді мақаланы тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 30 наурыз
Шолу мақаласына арналған үлгі: https://technobius.kz/files/templates/Template_Review_Technobius_v1.docx
Ғылыми мақалаға арналған үлгі: https://technobius.kz/files/templates/Template_Article_Technobius_v2.docx
