
«Күлтегін» және «Гумилев» стипендияларын тағайындау конкурсының қорытындылары жарияланды

Конкурстық комиссияның отырысы өтті, онда үміткерлердің өтінімдері және Ереженің талаптарына сәйкес кандидаттарды іріктеу қаралды.
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ шетелдік білім алушылары үшін « Күлтегін» және «Гумилев» стипендиясын құру туралы» ереженің талаптары мен өлшемдеріне сәйкес Конкурстық комиссия келесі кандидаттарды іріктеді:
«Күлтегін» стипендиясы (бакалавриат бағдарламасы):
Муслим Тухашев (Ресей Федерациясы) - халықаралық қатынастар факультеті, 2 курс;
Лейли Метиева (Түрікменстан) - Білім беру жоғары мектебі, 3 курс.
«Гумилев» стипендиясы (магистратура бағдарламасы):
Таунар Айдынбек (ҚХР) - филология факультеті, 1 курс;
Марина Колыванова (Ресей Федерациясы) - жаратылыстану ғылымдары факультеті, 1 курс.
Конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз және алдағы оқуында жоғары жетістіктерге, ғылыми табыстар мен жаңа жеңістерге тілектеспіз!
