
Жыл қорытындысы және еңбекті мойындау: ЕҰУ-да қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
31.12.2025 215
Еуразия ұлттық университетініңде 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында жоғары кәсіби нәтижелерімен, адал еңбегімен және 2025 жылы университеттің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды. Бұл рәсім олардың жауапкершілігі мен еңбегін бағалаудың айқын көрінісі болды.
Марапаттарды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардақ Бейсенбай табыстап, университеттің академиялық әлеуетін нығайтудағы әрбір қызметкердің маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты жиын жылы әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Іс-шара соңында марапатталған қызметкерлерге алдағы жылда табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тіленді.
Бөлісу:
