
ЕҰУ-да «Касперский зертханасы» АҚ-мен бірлескен оқу зертханасы ашылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «Касперский зертханасы» АҚ, Киберқауіпсіздік бойынша бағдарламалық шешімдерді әзірлеу жөніндегі халықаралық компания білім беру және киберқауіпсіздік саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес студентерге арналған «Kaspersky cyberday» конференциясын өткізді. Осы іс-шара аясында Ақпараттық технологиялар факультетінде «Касперский зертханасы» АҚ және Ақпараттық қауіпсіздік және криптология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп «Маңызды ақпараттық инфрақұрылымның интеграцияланған қауіпсіздігі» оқу зертханасы ашылды.
Жоғары білікті мамандарды тиімді даярлау үшін «Касперский зертханасы» АҚ жаңа зертханада Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары мен білім алушыларына уәкілетті оқу курстарына тегін қол жеткізуді, оқулықтарды, компанияның бағдарламалық өнімдеріне тегін лицензияларды, сондай-ақ еңбек нарығында талап етілетін кәсіби құзыреттіліктерді игеру үшін қажетті әдістемелік материалдар мен кеңестер ұсынады.
ЕҰУ «Касперский зертханасы» АҚ-мен бірлесіп өнеркәсіптік киберқауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау, академиялық қоғамдастық пен ІТ – индустрия ынтымақтастығының нысандарын кеңейту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың және «Касперский зертханасының» коммерциялық өнімдеріне лицензияларды кезең-кезеңімен берудің жол картасын дайындады.
Бастапқы кезеңде Касперский академиясы студенттерге, магистранттарға және «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының докторанттарына «Entry Level» және «Fundamentals» білім беру ресурстарын тегін ұсынды. Бұл ресурстар Moodle платформасында орналастырылған, студенттер enu.kz сайтына кіру арқылы Касперский академиясы ұсынатын курстарды оқи бастады.
Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде «Касперский зертханасы» оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін Kaspersky Automated Security Awareness Platform (ASAP) платформасына тегін лицензиялар берді. Келесі кезеңде студенттерді ASAP платформасында оқыту, ІТ – мамандарға арналған киберқауіпсіздік бойынша онлайн-курс (CITO) және «Total Security» және «Kaspersky Unified Monitoring and analysis Platform (KUMA)» бағдарламалық өнімдеріне тегін лицензиялар беру жоспарлануда.
Ақпараттық технологиялар факультетінің басқа білім беру бағдарламаларының студенттері ЕҰУ жаңа зертханасының базасында оқудан өте алады.
