
Психология кафедрасы магистранттардың зерттеу тәжірибесіне арналған нұсқаулық конференция өткізді







2026 жылғы 5 қаңтарда «Психология» және «Дағдарыс психология» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары үшін зерттеу тәжірибесіне арналған нұсқаулық конференция өтті. Тәжірибе көлемі – 16 кредит, тәжірибе мерзімі осы жылдың 25 сәуіріне дейін жалғасады.
Конференция Microsoft Teams платформасында онлайн форматта өтті. Психология кафедрасының меңгерушісі, пс. ғ. к., қауымдастырылған профессор Мамбеталина А.С. магистранттарды Жаңа жылмен құттықтап, зерттеу тәжірибесінде жемісті еңбек пен шабыт, сондай-ақ жаңашылдық пен практикалық мәнге ие сапалы диссертациялар жазуда сәттілік тіледі.
Тәжірибе бойынша жауапты, с. ғ. к. Ганиева Г.Х.магистранттарды тәжірибенің мақсаты, міндеттері және өту кезеңінде қойылатын негізгі талаптармен, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар ол Smart ENU платформасында жұмыс жоспары мен күнделік-есепті қалыптастыру тәртібін түсіндіріп, магистранттардың сұрақтарына толық жауап берді.
Конференция жылы әрі іскерлік атмосферада өтті. Конференция соңында кафедраның доцент міндетін атқарушы, пс. ғ. к. Нурадинов А.С. магистранттарға тілек сөз арнап, Smart ENU платформасында қажетті құжаттарды уақытылы толтырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ тәжірибеден өту барысына жауапкершілікпен қарауға шақырып, магистрлік диссертацияларды жазу барасында сәттілік тіледі.
