
Білім беру гранттарына конкурс өткізіледі
ЕҰУ жаңалықтары
08.01.2026 139

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ақылы негізде білім алушылар үшін білім беру
бағдарламалар тобы мен курстар аясында жоғары білім алу процесінде
босаған республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарына конкурс
өткізіледі. Ақпарат сайтқа жарияланды. Конкурсқа қатысу үшін факультет/институт/мектеп
басшыларына келесі тиісті құжаттарды жинауларыңызды сұраймыз.
• Басқарма төрағасы - ректордың атына өтініш (онда факультет/институт/мектеп
басшысының, өтініш иесінің қолы, күн реті жазылуы міндетті) ;
• Факультет/институт/мектеп Кеңесі хаттамасынан көшірме,
факультет/институт/мектеп ұсынысы;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• 2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындысы енген
транскрипт;
Бөлісу:
