
ЕҰУ-дың 19 оқытушысы «Үздік жоғары оқу орнының оқытушысы – 2025» конкурсының жеңімпаз атанды
Республикалық «ЖОО үздік оқытушысы - 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессор-оқытушылар құрамынан 32 өкіл қатысты. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 19 қатысушы «ЖОО үздік оқытушысы» құрметті атағына ие болды.
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға жоғары кәсібилігі, белсенді ұстанымы және жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ соңғы алты жыл ішінде байқауға қатысушылардың кәсіби деңгейінің айқын өскені байқалады: байқауда жеңіске жету үшін қажетті шекті балл шамамен екі есеге артты. Бұл оқытушылық қызметтің сапасы мен академиялық жетістіктердің едәуір жоғарылағанын көрсетеді.
"ЖОО үздік оқытушысы - 2025" байқауының жеңімпаздары:
- Забиева Алия Батырбековна;
- Кубенова Маржан Маликовна;
- Жадыранова Алия Амирбековна;
- Амирбековна Ерболат Ордабекович;
- Мырзакулова Жайдары Ратбайкызы;
- Берденов Жарас Галимжанович;
- Матин Даурен Тюлютаевич;
- Ахажанов Талгат Беркинович;
- Джалмаханбетова Роза Илемисовна;
- Сапаров Куат Табылдинович;
- Байжуманова Бибианар Шаймерденовна;
- Назырова Айжан Есболовна;
- Мырзакулов Ерлан Муратбаевич;
- Алтайбаева Азиза Биболовна;
- Аралбаева Гульнара Мырзахановна;
- Амангелді Нұрлан;
- Зулпыхар Жандос Енсебекұлы;
- Сафаров Руслан Заирович;
- Таугынбаева Галия Ерболовна.
