
ENU-да Қазақстанның жас меценаты, ENU түлегі, ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Qadaz Media білім беру компаниясының негізін қалаушы Аружан Амангельдінің мастер-классы өтті!

12 қараша күні ENU қабырғасында Қазақстанның жас меценаты, ENU түлегі, ENU Endowment Fund Қамқоршылық кеңесінің мүшесі әрі Qadaz Media білім беру компаниясының негізін қалаушы Аружан Амангельдының мастер-классы өтті.
Іс-шараның негізгі тақырыбы — «Жобаларды басқару және менеджмент дағдыларын жетілдіру».
Кездесу барысында қатысушылар медиа және менеджмент саласына қатысты құнды тәжірибелермен танысып, кәсіби маманнан мотивация мен пайдалы инсайттар алды.
Белсенділік танытқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды
Айта кетейік, 2024 жылы, ENU-дың 4-курс студенті бола тұра, Аружан Амангельды ENU Endowment Fund-қа үлес қосқан. Бұл — ТМД елдері арасындағы алғашқы бірегей бастама.
Іс-шара Маркетинг және түлектермен байланыс бөлімі мен Карьера және бизнес-әріптестік бөлімі бірлесіп ұйымдастырды.
Шабыт сыйлаған кездесуі үшін Аружанға зор алғыс білдіреміз!




