
ЕҰУ және ASIIN: стратегиялық халықаралық ынтымақтастықты дамыту




Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ASIIN агенттігінің атқарушы директоры, инженерия, информатика, жаратылыстану және математика салаларындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Герман агенттігінің басшысы доктор Иринг Вассер және ASIIN-нің Орталық Азиядағы өкілдігі жетекшісі Ирина Ефимовамен кездесу өтті.
ASIIN (Дюссельдорф қ., Германия) аккредиттеу саласындағы жетекші ұйымдардың бірі болып саналады және Еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету тізілімінде (EQAR) тіркелген. ЕҰУ 2015 жылдан бері ASIIN агенттігімен ынтымақтастық орнатып келеді. Бүгінде университеттің 13 білім беру бағдарламасы ASIIN аккредитациясына ие.
Университет тарапынан кездесуге Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Думан Айтмағамбетов, Стратегиялық даму департаментінің директоры Лариса Нефедова және Аккредитация және рейтинг бөлімінің басшысы Гүлжанар Абдыкулова қатысты.
Кездесу барысында проректор Думан Айтмағамбетов жоғары оқу орынның жетістіктері, ғылыми-зерттеу университеті ретінде даму перспективасы және алдағы стратегиялық жоспарлары туралы баяндады. Ол университеттің іскерлік әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтіп, мұндай кездесулер жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
Лариса Нефедова ASIIN агенттігімен аккредитациялардан өту және агенттік ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу аясындағы ұзақ жылдық ынтымақтастықты ерекше атап өтті.
Өз кезегінде доктор Вассер университетті жетістіктерімен құттықтап, ғылыми-зерттеу университеті мәртебесінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ЕҰУ-нің AGUNE Ғаламдық желісіне қатысу мүмкіндігі туралы айтып өтті. Бұл интернационалдандыруды дамытуға және білім сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Бұдан бөлек, тараптар ЕҰУ қызметкерлері мен оқытушыларын ASIIN ұйымдастыратын семинарлар мен workshop-тарға тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ университеттің білім беру бағдарламаларының алдағы реаккредитациясына қатысты мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында қонақтар Неміс тілі мен мәдениеті орталығына барды.
