
«Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы арқылы көркемдік білім берудің әдістері» оқу-әдістемелік семинар өтті

30 желтоқсан күні «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Ж. Турикпенова кафедраның профессор-оқытушылар құрамына арнап интерактивті форматта оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинар ғалымның ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде ұйымдастырылды.
Семинардың тақырыбы — «Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы арқылы көркемдік білім берудің әдістері». Іс-шараның негізгі мақсаты — қазақ бейнелеу өнерінің тарихи-мәдени әлеуетін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын айқындау, сондай-ақ көркемдік білім берудің заманауи әдістерін оқу процесіне енгізу.
Семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Атап айтқанда: PhD Ж.Т. Омарова, п.ғ.д., профессор Е.С. Асылханов, п.ғ.д., профессор Т.К. Самуратова, т.ғ.д., профессор Б.Н. Нурмаханов, т.ғ.д., профессор А.К. Байдабеков, т.ғ.д., профессор С.М. Базарбаева, т.ғ.к., доцент У.К. Джанахметов, п.ғ.к., доцент Т.Х. Алиев, п.ғ.к., профессор Ж.М. Садыкова, т.ғ.к., доцент Б.Т. Нурмухамбетова, сондай-ақ жас ғалымдар.
Семинар барысында қазақ бейнелеу өнерінің тарихын оқыту арқылы студенттердің ұлттық дүниетанымын, мәдени жадысын және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар интерактивті, визуалды, практикалық және цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігіне назар аударып, қазақ бейнелеу өнері негізінде әзірленген «Ұлттық графикалық дизайн» элективті пәнінің модульдері мен мазмұны талқыланды.
Семинар қорытындысында қатысушылар арасында тәжірибе алмасу жүзеге асып, көркемдік білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар айтылды.

