
«Қарындаш құдіреті» атты 1-курс студенттерінің алғашқы шығармашылық көрмесі

18–23 желтоқсан аралығында 6В02120 – «Графикалық дизайн» және 6В02121 – «Сәулеттік дизайн» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттерінің «Академиялық сурет», «Кәсіби сурет» пәндерінде салған шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті. Көрмені педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж. Турикпенова ұйымдастырған. Көрмеге 35 студенттің 70-тен астам жұмысы қойылды. Олардың қатарында аудиториялық жұмыстар, студенттердің өзіндік жұмыстары, зарисовкалар, ізденіс нобайлары және үй тапсырмалары ұсынылды. «Қарындаш құдіреті» атауына сай барлық жұмыстар қара қарындаш техникасында орындалған. Аталған көрме студенттердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетуге бағытталған. Қатысушылар өздерінің көркем ойлау деңгейі мен шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде таныта білді.

