
«Мемлекеттік аудит» кафедрасында ғылыми-педагогикалық бағыттағы «7M04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының магистранттарының педагогикалық практикасына арналған таныстыру конференциясы өтті.





2025 жылғы 24 желтоқсанда «Мемлекеттік аудит» кафедрасында ғылыми-педагогикалық бағыттағы «7M04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының магистранттарының педагогикалық практикасына арналған таныстыру конференциясы өтті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мемлекеттік аудит» кафедрасында «7M04120 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарының педагогикалық практикасын ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне арналған таныстыру конференциясы өткізілді. Конференцияны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Тажикенова Сапия Каргабаевна жүргізді. Педагогикалық практиканың өту базасы «Мемлекеттік аудит» кафедрасы болып табылады.
Конференция барысында магистранттарға педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері, оны өтудің талаптары, жеке тапсырмаларды орындау тәртібі, сондай-ақ есептік құжаттаманы рәсімдеу ережелері түсіндірілді. Академиялық әдепті сақтау, оқу сабақтарын дайындау мен өткізудің әдістемесі, магистранттардың кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарына қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жоспар-кесте жасау тәртібі, есептік құжаттаманы қалыптастыру және Smart.ENU жүйесіне жүктеу талаптары түсіндірілді.
Конференция қатысушыларына педагогикалық практиканың өту мерзімдері, бақылау нысандары және оның нәтижелерін бағалау критерийлері туралы ақпарат берілді. Магистранттарға практика кезеңінде өз жұмысын тиімді ұйымдастыру және кафедрамен өзара іс-қимыл жасау бойынша ұсыныстар айтылды.
Таныстыру конференциясын өткізу магистранттарды педагогикалық практикаға даярлаудың маңызды кезеңі болып табылады және мемлекеттік аудит саласындағы болашақ мамандардың кәсіби әрі педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
