
Қазақстандық ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларының «Атамекен» ҰКП рейтингі: ЕҰУ – көшбасшылар үштігінде

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2026 жылға арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингі нәтижелері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриат деңгейіндегі 42 білім беру бағдарламасы көшбасшылардың алғашқы үштігіне енді.
1-орынды 22 білім беру бағдарламасы иеленді: 6B11301 Көлік қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану; 6B01511 Информатика (білім беру); 6B02307 Аударма ісі; 6B11107 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі; 6B01408 Дене шынықтыру және спорт; 6B07311 Геодезия және картография; 6B05301 Қолданбалы химия; 6B07352 Инженерлік жүйелер және желілер; 6B01103 Педагогика және психология; 6B06306 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; 6B05304 Физика (ғылым); 6B01721 Шетел тілі: екі шетел тілі; 6B05101 Өсімдіктер биотехнологиясы және микробиология; 6B01510 Физика пәні мұғалімдерін даярлау; 6B05401 Математика; 6B04103 Мемлекеттік және жергілікті басқару; 6B05107 Биология; 6B11405 Әлеуметтік жұмыс; 6B02121 Сәулеттік дизайн; 6B05209 География; 6B02305 Қазақ филологиясы; 6B07113 Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
Соңғы 3 жыл қатарынан 6B01511 Информатика (білім беру), 6B02307 Аударма ісі, 6B01408 Дене шынықтыру және спорт, 6B05301 Қолданбалы химия, 6B07352 Инженерлік жүйелер және желілер, 6B02121 Сәулеттік дизайн білім беру бағдарламалары 1-орынды тұрақты түрде иеленіп келеді.
2-орынды 12 білім беру бағдарламасы иеленді: 6B02120 Графикалық дизайн; 6B01717 Қазақ тілі мен әдебиеті; 6B03106 Саясаттану;
6B05323 Техникалық физика; 6B07532 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша); 6B03214 Қоғаммен байланыс; 6B07117 Жылу энергетикасы; 6B11105 Туризм; 6B07102 Автоматтандыру және басқару;
6B07118 Электр энергетикасы; 6B07329 Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау; 6B06219 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.
3-орынды 8 білім беру бағдарламасы иеленді: 6B01718 Орыс тілі мен әдебиеті; 6B03102 Халықаралық қатынастар; 6B02203 Тарих; 6B07320 Тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар архитектурасы; 6B04202 Халықаралық құқық; 6B04102 Экономика; 6B03103 Психология; 6B06103 Ақпараттық жүйелер.
Бұл көрсеткіштер университеттің маңызды жетістігі болып табылады және білім беру бағдарламаларының сапасын арттырудағы оң динамиканы, сондай-ақ елорда мен өңірлердің еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлаудың тиімділігін дәлелдейді.
Университет басшылығын, факультеттерді, кафедралардың профессор-оқытушылар құрамын және қызметкерлерді білім беру бағдарламаларын іске асырудағы жетістіктерімен құттықтаймыз.
Рейтинг нәтижелерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://atameken.kz/ru/university_ratings
