
Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасында жас оқытушыларға арналған педагогикалық шеберлік мектебі өтті











2026 жылғы қаңтар айында Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасында жас оқытушыларға арналған педагогикалық шеберлік мектебі өтті. Шеберлік мектебін Шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Азмуханова Айман Махсотовна өткізді.
Іс-шараның тақырыбы – «Шығыстанушы мамандарды оқытудағы жаңа әдістердің тиімділігі». Шеберлік мектебіне профессор-оқытушылар қауымы қатысты.
Шара Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Биримкулова Гульнара Усербаевнаның алғы сөзімен ашылды. Ол педагогикалық шеберлікті жетілдірудің маңыздылығына тоқталып, мұндай тәжірибе алмасу алаңдарының жас оқытушылар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.
Өз баяндамасында Айман Махсотовна шығыстанушы мамандарды даярлауда қолданылып жүрген классикалық оқыту моделінің шектеулерін талдап, заманауи білім беру талаптарына сай жаңа әдістердің артықшылықтары мен тиімділігі туралы тың әрі өзекті ақпарат ұсынды. Ұсынылған материалдар қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, практикалық тұрғыдан құнды деп танылды.
Шеберлік мектебі соңында сұрақ-жауап сессиясы мен пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.
