
Экологиялық сағат
ЕҰУ жаңалықтары
21.01.2026 73





2026 жылғы 21 қаңтарда 6И05208 – Экология және табиғатты пайдалану білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін Экологиялық сағат өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау үшін жауапкершілікті дамытуға бағытталған. «Астана қаласы бойынша экология департаменті» РММ Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы Жұмаділов Жеңіс Бекжанұлы дәріс оқыды.
Бөлісу:
