
Көлік-энергетика факультеті «Атамекен» рейтингі 2026 көшбасшыларының қатарында











"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген 2026 жылғы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингі қорытындысы бойынша Еуразия ұлттық университеті 2-орынды иеленді, бұл білім беру сапасы мен маман даярлау деңгейінің жоғары екенін айқындайды. Аталған жетістікке Көлік-энергетика факультеті де елеулі үлес қосып, көшбасшылар қатарына енді. Бұл факультетте жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының сапасы мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.
Бакалавриат деңгейінде факультеттің білім беру бағдарламалары келесі орындарға ие болды:
1-ОРЫН:
- 6В07113 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
- 6В11301 – Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
2-ОРЫН:
- 6В07532 - Стандарттау және метрология (салалар бойынша);
- 6В07117- Жылу энергетикасы;
- 6В07118 - Электр энергетикасы.
Қол жеткізілген нәтижелер білім беру бағдарламаларының сапасын, профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсібилігін, сондай-ақ білім, ғылым және өндірістік тәжірибенің тиімді интеграциясын айқын көрсетеді. Факультет көлік және энергетика салаларының сұранысына бағытталған заманауи даярлау бағыттарын дамытып, инновациялық білім беру технологияларын енгізіп, жетекші жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуда.
Профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз, кәсіби табыстар мен университеттің ұлттық және халықаралық рейтингтердегі позициясын одан әрі нығайтуды тілейміз!
