
Академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық бағдарламаларға қатысуға арналған сертификат

Жоғары білім және ғылым министрлігі ұсынатын академиялық ұтқырлық бағдарламалары Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура деңгейінде 1-2 семестр оқуға гранттар береді. Жыл сайын түрлі халықаралық бағдарламаларға, оның ішінде "ENU Students Ambassador" бағдарламасына қатысу мақсатында Үздіксіз білім беру институты Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын ЕҰУ сертификатын беру үшін тестілеу өткізеді.
Ағымдағы жылы 241 білім алушы үшін ағылшын тілінің деңгейін анықтау бойынша тестілеу 2026 жылғы 23-27 қаңтар аралығында өткізілді. Тестілеудің бірінші күні екі кезеңнен тұрды – лексикалық-грамматикалық тест және тыңдалым, олардың мақсаты лексикалық және грамматикалық білім мен дағдыларды, сондай-ақ тыңдаушылардың тілді қабылдау және түсіну қабілеттерін тексеру. Бірінші және екінші кезеңнің қорытындысы бойынша қажетті балл санын жинаған 203 адам үшінші кезеңге қатысу құқығына ие болды. Үшінші кезеңнің нәтижелері бойынша комиссияның шешімімен ағылшын тілі бойынша ең үздік коммуникативтік дағдыларды көрсеткен 116 қатысушы анықталды. Оның ішінде 111 қатысушы B2 (Upper-Intermediate) деңгейіндегі сертификаттарға ие болды, ал 5 студент C1 (Advanced) деңгейіндегі сертификаттарға ие болды.
Бұл сертификат дербес қаржыландырумен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, "ENU Students Ambassador" ішінара қаржыландыру бағдарламасы үшін, сондай-ақ магистранттарға шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өту үшін 2 жыл бойы жарамды.
