
Ақмола облысының Аршалы ауданында ЕҰУ-дың 30-дан астам әзірлемесі енгізу үшін ұсынылды

ЕҰУ ғалымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру, әзірлемелерді енгізу, патенттерді сату, ғылыми-зерттеу қызметтерін дамыту және инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында Инновацияларды дамыту департаменті мен Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігі және «Аманат» өңірлік партиясының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында экология, ауыл шаруашылығы, энергетика, логистика, цифрландыру, жол және азаматтық құрылыс салалары бойынша коммерциализация перспективалары бар 30-дан астам жоба ұсынылды, бұл жобалар ауданның Индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорындарға таныстырылды.
Әкімдік өкілдері талқылау барысында су тасқыны, топырақ сулары мәселелерін шешуге арналған әзірлемелерге, кәсіпорындардың өндірістік қызметі барысында ауа ластануын тазарту, жол сапасын жақсарту, құрылыс материалдарын дамыту мәселелеріне қызығушылық танытты. Оларға қазіргі таңда көрсетілген салаларда өзектілігі бар және нарықта іске асыруға сұранысқа ие ЕҰУ ғалымдарының патенттік портфелі ұсынылды. Сонымен қатар, нарыққа қызмет көрсету үшін жоғары дәлдіктегі жабдықтармен қамтылған ЕҰУ Инжинирингтік орталығы таныстырылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша, Аршалы ауданы әкімдігі мен «Аманат» өңірлік партиясының өкілдері аймақ – ғылым – бизнес арасындағы өзара әрекеттестікті дамытуға, ЕҰУ өкілдерінің кәсіпорындармен отырыстарға қатысуына және ғалымдардың әзірлемелерін енгізу жұмыстарын қолдауға келісім білдірді.
Сонымен қатар, ЕҰУ өкілдері ТОО «Аршал» зауытының (темір-бетон бұйымдары мен шпал өндірісі) басшылығымен кездесті, онда құрылыс материалдары бойынша өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін патенттер таныстырылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар жұмысқа қызығушылық танытып, өндірісте технологияларды пилоттық түрде апробациялауды жоспарлап отыр.
