
Студенттердің MASNAGET Digital Studio компаниясы өкілдерімен кездесуі

2026 жылғы 29 қаңтарда 119-аудиторияда (ЦИСИ) «Математикалық және компьютерлік модельдеу» және «Статистика» білім беру бағдарламаларының 3–4 курс студенттері IT-компания MASNAGET Digital Studio өкілдерімен кездесу өткізді.
Компания тарапынан кездесуге:
Даллакян Максим Юрьевич - MASNAGET Digital Studio компаниясының басшысы;
Кенбаев Арман Муратханович - техникалық жетекші қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Мансап және бизнес-серіктестік бөлімі қызметкерлері қатысты:
Туспекова Замзагуль Жораевна - Апгрейд секторының эксперті;
Тынымбаева Гулим Жумагалиевна, Жолдасгалиева Молдир Ерлановна - түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және сыртқы стейкхолдерлермен ынтымақтастық секторының бас мамандары.
Іс-шараны ұйымдастырушы - «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасы.
Кездесу барысында компания өкілдері өз қызметінің негізгі бағыттары, үміткерлерге қойылатын талаптар және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Іріктеудің практикалық кезеңі ретінде студенттерге QR-код арқылы қолжетімді техникалық тапсырма ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша университет пен MASNAGET Digital Studio арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды, бұл түлектерді жұмыспен қамту және серіктестік байланыстарды дамытуға бағытталған.

