
IMRaD форматы және зерттеу әдістері: болашақ педагогтардың зерттеушілік мәдениетін дамытуға арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті









Профессор С.Н.Жиенбаеваның ұйымдастырумен 6В01210-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың зерттеушілік мәдениетін көтеру мақсатында «Жариялымның IMRaD форматы. Сандық және сапалық зерттеу әдістері» тақырыпта ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға кафедраның меңгерушісі, п.ғ.к., профессор М.П.Асылбекова, белгілі ғалымдары П.Б.Сейтказиева, Қ.Т.Атемова, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. Семинар басында «Баланы ертек дамыту институтының» «Дана бала» журналының редакторы Айзель Алибековна сөз алып, қазіргі күні педагогтардың зерттеуші және шебер педагог категориясын алу үшін жариялымдар талап еді. Бірақ педагогтердің зерттеушілік мәдениетінің жеткіліксіздігі мақала сапасының төмендетеді. Сондықтан ЖОО бастап болашақ мамандардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру маңызды. Спикер Мақсұт Нарикбаев Университеті, Назарбаев Университетінің Білім беру жоғары мектебінің постдокторанты PhD Ибраева Лаураның ««Білім беру саласындағы сандық және сапалық зерттеу әдістері» тақырыбында өзекті мәселені сұрақ қою қалай таңдау, сандық және сапалық зерттеу әдістерін өзінің зерттеу тақырыбында, мақала жазуда қалай қолдану жолдарын мысалдармен баяндап берді. Студенттердің сұрақтары өте көп болды. Баяндаманың жалғасы ретінде профессор С.Н.Жиенбаева «Жариялымның IMRaD форматы және құрылымы» тақырыбындағы баяндамасында қазіргі халықаралық талаптарға сай мақаланың жазулу құрылымы, оның өзектілігін дәлелді беру, зерттеу әдістерін үйлесімді қолдану, нәтижелерді және оны талдай алу жолдарын түсіндірді. Кейін 4-курс студенті А.Б. Сабыржан «Ғылыми зерттеу жұмысы: әдістер және нәтижелер» тақырыбында өзінің зерттеу мәселесінде әдістерді қалай қолданды, нәтижелерге жетудегі қиындықтарын, бүгінгі семинардан алған білімі ой, идея туғызғанын айтты.
