
Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде кәсіби бағдар аясында дарынды және талантты оқушыларды анықтау мақсатында аймақтық пәндік олимпиада өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша пәндік олимпиадаға Астана қаласы мен Ақмола облысының мектептерінен жиыны 38 оқушы қатысты.
Пәндік олимпиада екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар ұсынылған үш тақырыптың бірін таңдап, эссе жазды. Екінші бөлімде пән бойынша берілген сұрақтарға жауап берді.
«Жүзден жүйірік, мыңнан тұлпар» дегендей, олимпиаданың екі кезеңінде де бағы мен бабы қатар шапқан мектеп оқушылары екі сағат көлемінде тапсырмаларды орындап, нәтижесінде қазақ әдебиеті пәні бойынша:
1-орын: Райана Керімхан (Астана-Нұра бағытындағы жаратылыстану математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі); 2-орын: 1. Аяулым Бұхарбай (М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия), 2. Ақерке Ержанқызы (№96 мектеп-гимназия); 3-орын: Малика Сапар (Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі); Назерке Орынбасар (№96 мектеп-гимназия); Ақжарқын Абибулла (Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі). Қазақ тілі пәні бойынша: 1-орын: Көркем Болысбек (Қ. Сәтбаев атындағы Binom school мектеп-лицейі), 2-орын: Айым Зетбек (Қ.Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицей), Гүлфайрус Сайділда (Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі); 3-орын: Дильназ Ерболқызы (№60 мектеп-лицей), Арайлым Ергеш (№66 мектеп-лицей), Келбет Жолан (Қадыр Мырза Әлі атындағы Binom school мектеп-лицейі) иеленді.
Барша жеңімпаздары, қатысушыларды, шәкірттерді дайындаған, бәйгеге қосқан пән мұғалімдерін, ұстаздары олимпиада нәтижесімен құттықтаймыз! Әрдайым шәкірттер сапалы білім деңгейін көрсете берсін!
