
«Адвокатура» пәні бойынша қонақ дәрісі
ЕҰУ жаңалықтары
12.02.2026 147

«Адвокатура» пәні аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, MD, LLM, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты Бегалиева Жанель Бақдәулетқызының ұйымдастыруымен тәжірибелі маманның қатысуымен қонақ дәрісі өткізілді.
Шақырылған спикер:
Алиева Тамила Икрамовна
- Құқықтану мамандығы бойынша бакалавр және магистр;
- Жоғары кәсіби палатаның заң консультанты;
- «Форс-Мажор» заң компаниясының заңгері.
Сабақ барысында студенттер:
- Заң консультанттарының функционалдық міндеттерімен танысты;
- Адвокаттар мен заң консультанттарының құқықтық мәртебесі, өкілеттіктері және процессуалдық мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтарды қарастырды;
- Қазақстан Республикасының соттарында азаматтық талап-арыздарды беру және қарау мерзімдерін талқылады;
- Өкілдік ету, процессуалдық құжаттарды дайындау және сенім білдірушілермен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша практикалық түсіндірмелер алды;
- Болашақ кәсіби қызметіне қатысты «Адвокатура» пәні бойынша сұрақтар қойды.
Практикалық маңызы
Дәріс барысында:
- Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында адвокат пен заң консультантының мәртебесін ажыратуға;
- Процессуалдық құжаттарға қойылатын талаптарға;
- Талап қою мерзімі мен процессуалдық мерзімдерді сақтауға;
- Кәсіби этика және жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қонақ дәрісі студенттерге пәннің теориялық қағидаларын нақты құқық қолдану тәжірибесімен ұштастыруға және өзекті кәсіби сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді.
Бөлісу:
