
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2026 жылғы бітіруші түлектеріне арналған мемлекеттік білім беру грантын міндетті өтеу мәселелері бойынша ақпараттық кездесу









2 ақпан күні 2026 жылғы бітіруші курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесуге Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің бітіруші түлектері, түлектерді еңбекпен қамту жұмысына жауапты Г.К. Айкинбаева және барлық кафедраның жауаптылары белсене қатысты. Онлайн-кездесу аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бітіруші курс түлектеріне арналған мемлекеттік грантты өтеу тәртібі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүзеге асырылды. Кездесу барысында мемлекеттік білім беру грантын өтеуге қатысты заңнамалық нормалар, міндетті өтеу тәртібі, кейінге қалдыру және босату мәселелері бойынша түсіндірме беріледі. Кездесу модераторы: Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы –Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры. Спикер: Ақзира Серікқалиқызы – «Қаржы орталығы» АҚ өкілі қатысты.
