
Ойнай білген, ойлай да біледі





2026 жылғы 11 ақпанда «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушылары (В140-3102-24-02 тобы) халықаралық қатынастар кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Ибрагимова Г.Е.-нің жетекшілігімен іскерлік ойын өткізді. Аталған ойын аясында Қазақстандық «Olzha Agro» агрохолдингі мен Сауд Арабиясының суверенді қоры арасындағы келіссөздер модельденді.
Студенттер «Органикалық бидайды ұзақ мерзімді жеткізу және инфрақұрылымға инвестиция салу» атты келіссөздер тақырыбын келіссөз процесінің әртүрлі кезеңдерінде жан-жақты аша алды.
Іскерлік ойынның артықшылығы ретінде сценарийдің шынайылығы, келіссөз нысанының кешенді сипаты, студенттердің әртүрлі стратегияларды қолдануы және талдау деңгейінің жоғары болуы атап өтілді.
Осындай белсенді оқыту әдістерін қолдану барысында студенттер аналитикалық, келіссөз жүргізу, басқарушылық дағдыларды, стратегиялық ойлауды, коммуникативтік құзыреттерді, тұлғалық қасиеттерді және басқа да маңызды қабілеттерді дамытады.
