
2025 жылғы үздік ғалымдар марапатталды
#ENUscience
16.02.2026 23

Алматы қаласында «Үздік ғылыми қызметкер-2025» сыйлығы 50 ғалымға табысталды.
Марапатты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады. Министр барлық жеңімпаздарды құттықтап, еліміздің білім мен ғылым саласын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалымдардың кәсіби шеберлігі мен еңбегін ерекше атап өтті.
Марапатталғандар қатарында Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің Философия кафедрасының профессоры – Медеуова Кульшат Агибаевна.
Кульшат Агибаевнаны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми қызметіне табыс тілейміз.
Бөлісу:
