
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» иегерлері марапатталды
ЕҰУ жаңалықтары
16.02.2026 26











Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында өткен салтанатты рәсімде университетіміздің бірқатар оқытушылары «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағына ие болды.
Аталған марапат педагогикалық қызметтің жоғары сапасы, ғылыми жарияланымдардың нәтижелілігі және оқу-әдістемелік жұмыстардағы жетістіктері үшін табысталды. Биыл бұл құрметке Физика-техникалық ғылымдар институтының профессорлық-оқытушылар құрамы арасынан келесі әріптестеріміз лайық деп танылды:
Амангелді Нұрлан – «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Аралбаева Гульнара Мырзаханқызы, PhD – «Техникалық физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Мырзакулов Ерлан Муратбаевич, PhD – «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Жадыранова Алия Амирбековна – «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының PhD, доцент м.а;
Алтайбаева Азиза Биболовна, PhD – «Жалпы және теориялық физика» кафедрасының PhD, доцент м.а.
Марапаттарды Саясат Нұрбек – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, Ақылбек Күрішбаев – ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті және Гүлзат Көбенова – ғылым және жоғары білім вице-министрі табыстады.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Саясат Нұрбек бұл марапаттың оқытушылар мен зерттеушілер еңбегін жоғары бағалау ғана емес, сонымен қатар еліміздегі ғылым мен жоғары білім жүйесінің даму көрсеткіші екенін атап өтті.
Физика-техникалық ғылымдар институты ұжымы әріптестерін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы кәсіби қызметтеріне толағай табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен шығармашылық табыс тілейді.
Бөлісу:
